"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оразак отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орындар

11.10.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ келесі бос орынға конкурс жариялайды: 
1. психолог – 1 жүктеме.
Міндетті: конкурс комиссиясына түйіндеме және 21.02.2012 жылғы ҚР БҒМ №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 118-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсыну: 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Мекенжай: Оразақ ауылының ЖОББМ, Оразақ ауылы, Әубәкіров көш.,2, байланыс телефоны: 8-705-443-42-66.

Просмотров: 1760

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст