«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
1. математика пәнінің мұғалімі
2. дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
3. тарих пәнінің мұғалімі
4. бастауыш сынып мұғалімі, оқытылуы орыс тілінде
5. даярлық тобы мұғалімі, оқытылуы орыс тілінде.
Міндетті: конкурс комиссиясына түйіндеме және 21.02.2012 жылғы ҚР БҒМ №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 118-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсыну:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Әңгімелесуді өткізу күні: 23 тамыз 2023 жыл сағат 10.00-де, Оразақ ауылының ЖОББМ, мекенжайы: Оразақ ауылы, Әубәкіров көш.,2.