Оразақ ауылы №27 орта мектебінде
«Өткенннің қазынасы - болашаққа» атты музейі ашылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» бөлімінде көрсетілгендей, бұл бағдарлама білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, тарихи деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Бұл ретте өлкетану жұмыстарын жүргізу бағытында мұражайдың өз міндеттері бар. Мұражай – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы, ел-жұрттың тағдыры – бәріміздің тағдырымыз, - деген Ғайса Темірболатұлы.
Әр адамның өз отбасы, ата-бабасының өткенін білуімен басталған қызығушылық туған ауылының, қаласының, өлкесінің, мемлекетінің тарихын білумен жалғасады. Сол себептен 2018 жылдың 28 қарашасында Оразақ ауылы №27 орта мектебінде аймақтық семинармен тұспа-тұс рухани жаңғыру аясында 1 желтоқсан Президент күніне орай «Өткеннің қазынасы - болашаққа» атты мұражайдың ашылуы өтті. Мұражайдың ашылу мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау.
Мұражайдың негізгі жұмысы тарих арқылы тарихи - мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.
Мұражайдың төлқұжаты жасалып, бірнеше тармақтарға бөлінді.
Мектебіміздің мұражайы төрт бөлімді негізге ала отырып жинақталды. Атап өтетін болсам:
1. «Ер есімі – ел есінде»
2. «Туған өлкенің тарихы»
3. «Салт -дәстүр»
4. «Біздің өлкенің атақты тұлғалары»
Ұлтымыздың сан ғасырдан бері келе жатқан, ұмытылмас дүниеміз мұражайымызыдың төрінен орын алды. Атап айтсам: диірмен, күбі, кебеже, ұршық, әшекей –бұйымдар, ат әбзелдері, ұлттық оюмен нақышталған көрпешелер т.б.
Мектеп мұражайының ашылуына аудандық білім бөлімінің басшысы Ахметов Қ.Е, білім бөлімінің маманы Байболатова М.Қ және аймақтық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мектебімізден мұражайдың ашылуына көптеген мұғалімдер ат салысты. Атап айтатын болсам: мектеп директоры Жахина Ш.И, Майлекова О.К; Коныршина Қ.Е; Нүрпеисова Ә.Ө; Дагманов М.А; Есентемирова Т.А; Жандильдин А.С; Каримов Б.А; Бұлашева Ғ.К; Жұмадильдин А.Қ т.б
Таным дүниесіне зейін қойып қарасақ мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. Өйткені мұражай экспонаттары тарих негізі. Ол сонау ата - бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын айғақтайды. Олай болса, мұражайды тарихи куәгер ретінде қараумыз керек. Сондықтан мектебімізде ашылған мұражайымызды әлі де толықтырып, жандандыра түсеміз деген ойымыз бар.