"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оразак отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тарихы

•1975-1976 оқу жылында “Красный флаг” совхозында үкімет  қаржысымен жаңа үш қабатты мектеп ғимараты салынып, ІІ жартыжылдықта сабақ осы сәулетті, жарық та жақсы жабдықталған мектепте басталды. Мектептегі 5 бастауыш, 20 пәндік оқу кабинеттері, 185 орындық кинозал, спорт зал мен әртүрлі мақсатта пайдалануға болатын шеберханалар оқу тәрбие жұмысының жандануына негіз қалады.
 
•Біздің мектеп 1975-1976 оқу жылында орта, аралас мектеп болып ашылды. Сол жылы мектепте – 700-ден астам оқушы болды, алғашқы мектеп бітіруші оқушылардың саны 40 оқушы болды.
 
•Алғашқы мектеп басшысы Небосько Р. А.
 
•Мектеп ашылысымен орталықтандырылған жылу жүйесі болды. Жылу жүйесімен мемлекеттік совхоз қаражатымен қамтамасыз етілді. Совхоз құлдырағанан кейін 2000 жылы мектепке арнайы пеш орнатылды.
 
•1975-1976 оқу жылында Бірлік ауылынан, үшінші,  екінші совхоз бөлімшелерінен оқушылар тегін тасмалдаумен қамтамасыз етілді
•1978 – 1979 оқу жылында тасымалданып оқитын оқушыларға арналып интернат салынды.
• 1998-1999 оқу жылында мектепке « Корвет» ЭЕМ –нің оқыту комплектісі беріліп, соның нәтижесінде оқушылар « Информатика және есептеуіш техникасы негіздері » пәнін машиналық нұсқада оқып үйренуге кірісті.
 
•2007 – 2008 оқу жылында Елбасының жолдауы бойынша “Халықты компьютерлік сауаттылыққа уйрету”  мақсатында  мектебімізге жана үлгідегі 15 есептеуіш техникалық машинасы  берілді.
•2009-2010 оқу жылында ағылшын тілі  кабинеті  лингафондық-мультимедиялық құралдармен жабдықталды.
•2009 жылы мектеп қабырғасында 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге шағын орталық ашылды.
•2014 жылғы тамыздың 19-да мектеп компьютерлері кеңжолақты интернет жүйесіне қосылды. 
•Осы мектеп құрылғаннан бастап, мектеп басшылығы қызметін атқарған ұстаздар:
•1980-1983  ж. аралығында Жақсыбаев Н. У.
•1986 – 1992 ж. аралығында Куят Г. О.
•1992 – 1995 ж. аралығында Кабиев С. К.
•1995 – 2001 ж. аралығында Баймуханбетов Б. Т.
•2001 – 2002 ж. аралығында Молдыбаев Б. О.
•2002 – 2012 ж. аралығында Мамбетова Д. А.
•2012 жылдан бастап мектеп басшлығын атқарып келе жатқан Жахина Шолпан Ислямовна
Жаңартылған күні: 26.04.2019 10:56
Құрылған күні: 26.04.2019 11:58

Текст